Түркістан: Төлебиде өнеркәсіп саласын дамыту көзделіп отыр

0

38 млрд теңгенің өнімін өндіру жоспарланған.

Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі өнеркәсіптің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты. Биыл Төлеби ауданында өнеркәсіп саласында 38 млрд теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексін 105,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Мұндай көрсеткішке жету үшін іске қосылатын ірі инвестициялық жобалар көмектесетін болады. Атап айтар болсақ, Ленгір қаласындағы «Ленгер машина жасау зауыты» ЖШС құрылтайшысы ауысып, зауытты жаңарту жобасына 2 млрд теңгеге инвестиция тартылатын болады. Нәтижесінде 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, Кемеқалаған ауылдық округіндегі «Қазығұрт бақтары» АШӨК өзінің өндірген жеміс-жидектерін қайта өндейтін цехының құрылысын бастап, 20 азаматты жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Тартылатын инвестиция көлемі 500 млн теңге. Одан өзге ағымдағы жылы жаңадан әр түрлі салада 43 жобаны іске қосып, жеке қаржы есебінен тартылатын инвестиция көлемі 7 млрд 018 млн теңгеге жететін болады.



ПІКІР ЖАЗУ