Түркістан облысында 960 мыңға жуық адам екпе қабылдады

0

Түркістан облысында 957575 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 3252 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 860917 адам вакцина алды.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 33 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,22% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 077 576 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 581 –і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 916 жағдай тіркелді. Олардың 7549-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі



ПІКІР ЖАЗУ