Түркістан: Ассамблея жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы сайланды

0
Түркістан қаласындағы «Конгрес холл» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктерінің бірлескен отырысы өтті,
Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылық құрамы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамындағы этномәдени бірлестіктер, «Қоғамдық келісім», «Аналар», «Медиация» кеңестерінің, Ғылыми-сарапшылық топ өкілдері және «Журналистер мен блогерлер» клубының жетекшілері мен мүшелері қатысты. Жиынды қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев жүргізіп отырды. Басқосуда Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің, этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралары сөз болды. Алдағы жұмыстар жоспарланды. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сарыағаш аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ергеш Исахов пен Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарит Аюповтың пікірлері тыңдалды. Сонымен бірге «Журналистер мен блогерлер» клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек пен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова ел бірлігін нығайту, салт-дәстүрді ұлықтау, қоғамдық келісімді насихаттау бағытындағы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайнар Қалдыбай мен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Дана Кенжеқұлова атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ой баяндады. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ары қарай жандандыру үшін бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Бәтуалы ойлар айтылған келелі кеңесте Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып Созақбай Әбдіқұлов сайланды. Кездесуді қортындылаған басқарма басшысы А.Өсербаев халықтың бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді дамыту, оны халық арасында насихаттау үшін этномәдени бірлестіктер мен басқа құрылымдардың әлеуеті мен күш-жігерін біріктіру керектігін айтты. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына жауапты міндет жүктелгенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ