Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді

0

Қазақстанда Президенттің «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді, деп жазады ernur.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында жазды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-тегі парақшасында жазды. «2021 жылдың 15 қазанында еліміздегі ЭКО бағдарламасы сәтті өткізіліп, президенттік бағдарлама «Аңсаған Сәби» бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметі бойынша: сәби Қазақстанда ЭКО арқасында дүниеге келген 25 мың баланың ішінде алғашқылардың бірі болды. Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана алғаш рет репродуктивті медицина институтына 9 жылдан бері жүкті болмай жүргенін айтып, көмекке жүгінген. Дана «Жас-ай» медициналық орталығында аға медбике болып жұмыс істейді, ал оның күйеуі электрик Қуандық көпке дейін материалдық жағдайына байланысты ЭКО жасата алмай жүріпті. Ерлі-зайыптыларға «Аңсаған сәби» бағдарламасының квотасы бойынша ЭКО әдісімен жүктілікті жоспарлау ұсынылды. Көптен күткен алғашқы жүктілік дәрігер Косетова Аяулым Берікболқызына қаралып, алғашқы квоталық ЭКО бағдарламасы жүзеге асырылғанда тіркелді, 15 қазан күні №3 қалалық перзентханада салмағы 3156 келі, бойы 52 см Арман есімді дені сау ұл бала дүниеге келді», — делінген министр жазбасында.



ПІКІР ЖАЗУ