Алаяққа сенген Түркістан облысының тұрғыны 1 млн теңгесінен айырылды

0

Түркістан полицейлері “жер телімін алып беремін” деп бір миллион теңгені қалтасына басқан ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, 2020 жылдың қыркүйек айында сырттай танысы “жер алып, заңдастырып беремін” деп сендіріп, алаяқтық жолмен бір миллион теңгесін алған. Алайда арадан бір жылдан астам уақыт өтсе де не жерін, не ақшасын ала алмаған. Аталған жайтты полицейлер ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Яғни күдікті алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты толық тексеріп алыңыз. Кезексіз, уақытынан бұрын мәселемді шешемін деп ақша беріп, алаяққа алданып қалмаңыз.



ПІКІР ЖАЗУ