Түркістан: Сарыағаштағы ауыл көшелеріне диодты жарықшамдар орнатылып жатыр

0

Сарыағаштағы 6 елдімекеннің жарықшамдары ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, бүгінді таңда Қабланбек ауылдық округінің 6 елді мекеніне Қабланбек, Ташқұлақ, Зах, Жонарық, Қанағат және Ақниет елді мекендерінің орталық көшелерінің 371 дана түнгі жарық нүктелерін диодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерді абаттандыру шеңберінде жасалып жатқан игі істерге тұрғындар да дән риза. Алдағы уақытта ауылдық округке қарасты басқа да елді мекендердегі көше жарық шамдарына кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.



ПІКІР ЖАЗУ