Сауран ауданы:  «Этносаясат жөнінде іс-шаралар өткізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.

0

Ағымдағы жылдың 4 қараша күні Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, «Этносаясат жөнінде іс-шаралар өткізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанадилов Талғат, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің деканы, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сауран аудандық филиалының басшысы Исахан Әжіхан Насырханұлы, Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, ауылдық округ әкімшілігінің мамандары, ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының мамандары, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары қатысты. Семинар барысында Досай Тұрсынбайұлы қатысушыларға этносаралық қатынастар жайлы және этносаясат жөнінде іс-шаралар өткізудің әдіс-тәсілдері туралы жан-жақты түсіндірді. Семинар соңында ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Жанадилов Досай Тұрсынбайұлына және қатысушыларға алғыс білдіріп, семинарды қорытындылады.



ПІКІР ЖАЗУ