Кәсіпкерлік саласына қатысты кеңес өтті.

0
Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетовтың төрағалыңымен жиын болып өтті. Аталмыш жиынға Жетісай ауданы прокуратурасының прокуроры Ақжігіт Қанжігітов, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының директоры Талғат Бапаев, Жетісай ауданы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Нұрман Дәуренбек, аудандық мәслихат депутаттары Марат Қалдыбаев пен Гүлмира Саржанова, кірістер басқармасы мен шағын және орта бизнес саласының өкілдері, «ҚазТрансГаз» және «Оңтүстік жарық» мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты, деп хабарлайдыsayipqiran.kz
Мақсат – жеке кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруда кәсіпкерлік саласына жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлықтар мен мүмкіндіктерді түсіндіру, кездесуі ықтимал кедергілердің алдын алу, көрсетілетін коммуналдық қызметтер мен жеңілдіктер жайлы мағлұмат беру болып табылады.Басқосу барысында бұған дейін де бірнеше кәсіпкерлік субьектілермен кездесу жиналыстарын өткізген Жетісай ауданының кәсіпкерлер кеңесі жыл басынан бері кәсіпкерлік палатасының Жетісай аудандық филиалы жалпы сомасы 172 млн теңгені құрайтын 34  жобаға cүйемелдеу жұмыстарын көрсеткендігін айтады. Олардың ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар да бар. Сонымен қатар, 984 тұрғынға түрлі кеңестер берілсе, оның 400-і кәсіпкерлер. «Қарапайы аттар экономикасы» салаларын дамыту бойынша ауданда 297 млн теңгені құрайтын бірнеше кәсіпкерлік субьектілерге қолдау көрсетілген. Жыл басынан бері жер мәселесі, коммуналдық қызметтер, мемлекеттік орган қызметкерлердің заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздігі, рұқсат алу, заңсыз айыппұлдар, өсімпұлдар, ескертпелер, төлемдер, ауыл шаруашылық саласындағы мәселелеріне қатысты 34 арыз-шағым келіп түсіп, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлер кеңесі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілген. Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2021 жыл 27 қыркүйектегі шығыс №03-43/ҰҚ-972 санды хатына сай кәсіпкерлік субьектілеріне көрсетілетін коммуналдық қызметтер (электр энергиясы, табиғи газ) бойынша қарастырылған жеңілдіктер жайында сұрақтар қойды. Электр энергиясы мен табиғи газ тарифтерінің қымбаттығы, қолжетімсіздігі мен сапасыздығы, КТП мен ШРП орнатудағы қиындықтар жайлы мәселелерді шешіп беруді өтінді. Кейбір жағдайларда жауапты мекеме қызметкерлерінің өзі немқұрайлылық танытатындығын айтады.Қойылған сұрақтарға нақты жауап берген жауапты мекеме қызметкерлері мұндай жиындарды ауданда жиі өткізіп тұру, кәсіпкерлерге қатысты әрбір жаңалық пен жеңілдіктерді БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялап отыру керектігін айтады.


ПІКІР ЖАЗУ