Түркістан облысында тауға демалуға шығып, адасып қалған 4 жігіт аман-есен табылды

0

 

Төлеби АПБ-нің «102» телефонына 22 мамыр сағат 21:30 шамасында Өрт сөндіру қызметінен «Сайрам-Өгем» аумағында тұрғындардың адасып қалғаны бойынша хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша аудандық полицейлер тез арада әрекет етіп, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына Төлеби аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Бексейіт Теңізбаев бастаған учаскелік полиция инспекторлары мен тәжірибелі тәртіп сақшыларынан құралған жедел-тергеу тобы шықты. Іздеу жұмысына Төтенше жағдай қызметі мен Сайрам-Өгем паркінің қызметкерлері де жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары адасқан жігіттердің баруы мүмкін деген жерлер мен олар бағыт алған аймаққа қарай бөлініп, іздестіру жұмыстарын атқарды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, түні бойы ой-шұқыры көп тауда іздестіріп, қызмет етті. Нәтижесінде 5-6 сағат аралығында полицейлер, төтеншеліктер мен парк қызметкерлері бірлесіп, 4 жігітті де Құлыншақты таулы шатқалынан тапты. Содан іздеу тобы таң атысымен жоғалғандарды төменге аман-есен түсіріп, құтқарып қалды. Тексеру барысында жас жігіттер тауға демалу үшін келгендерін, алайда аура райының қолайсыз болып, тұман түсуі салдарынан адасып кеткендерін айтты.

КілтсөздерЖаңалықтар


ПІКІР ЖАЗУ