Бүгін AMANAT партиясының Түркістан облыстық мәслихат депутаты Бегалива Шолпан Маратқызының кезекті қабылдау өтті.
✓Қабылдауға алғашқылардың бірі болып Алиханова Ақерке есімді азаматша келді. Т.Жорабек көшесінің тұрғыны 4 баласы бар ана. Бастауыш мұғалімі жоғары оқу орнын бітірген қазіргі уақытта жұмысқа орналаса алмай жүргенін жеткізді.
✓ Абрахманова Жадыра есімді азаматша отбасылы 4 баланың анасы қазіргі уақытта әлеуметтік жағдайына байланысты жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтты.
✓ Шолпан Маратқызы азаматшалардың өтініштерін тыңдап, жұмыс мәселесі бойынша көмек қолын созатынын жеткізді .