ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

0

 

Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылында шалғай ауылдарда бұқаралық спортты насихаттау мақсатында қазақ күресінен жарыс өтті. Боз кілемде белдескен талантты балуандар өзара бақ сынасып, жеңімпаздар анықталды. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы шалғайда орналасқан ауылдарда жергілікті халық арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыстық спорт басқармасы игілікті істерді атқаруда. Бүгін соның бір дәлелі, Бәйдібек ауданы Жүзімдік ауылында өткен балуандар бәсекесіне облысымыздан аудандар бойынша 14 команда, 220 балуан қатысып, шеберліктерін шыңдады. Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Бәйдібек аудандық №2-ші спорт мектебінің ұжымы. Туған жердің спорты мен әлеуетін жақсартуға көп жылдардан бері ат салысып келе жатқан белгілі кәсіпкер, «Балтекстиль» кілем өндіру компаниясының директоры Талғат Ысқақ жарысқа демеушілік танытып, талантты жас балуандардың тұсауын кесуге мүмкіндік беруді өзінің азаматтық парызы санайды.

Қазіргі таңда ауыл жастарының бос уақыттырын тиімді өткізу үшін түрлі спорттық үйірмелер де көптеп ашылуда. Бұдан басқа ауыл-елдімекендерде жергілікті жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, ауылдарда футбол алаңшалары мен стадиондардың инфрақұрылымдарын жақсарту да күн тәртібінен түскен емес. Қазақ күресінен өткен жарыста боз кілемде белдескен ауыл жастары өз мықтылықтарын да көрсете алды. Бұдан ел ертеңі болар жастарымыздың арасында қазақ күресі салтанат құрғанын байқаймыз. Ұлттымыздың темірқазығы саналатын ауыл спорты көркейсе ғана Қазақстанның спорты да қатар өркендемек.


ПІКІР ЖАЗУ