Құркелесте 28,2 шақырым жол жөнделді

0

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нурполат Талипов Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекененіне қарасты Береке және Жастар көшелеріне барып, төселген асфальт жамылғысының сапасын тексеріп қайтты. Аталған көшелердің жалпы 1,4 шақырымына мердігер мекеме тарапынан асфальт жамылғысы төселіп, бүгінгі таңда тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, биылғы жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақниет, Келес, Нұрлы жол, Жаңаарық, Жаңаталап, Жылысу, Құлтума, Ақ үй елді мекендеріндегі 27 көшенің 26,8 шақырымына асфальт және шағал төселетін болады. Жүргізілген құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Құркелес ауылдық округіндегі асфальт жолдар үлесі 47 пайызға, шағал жолдар 42 пайызға артатын болады.
(с) Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



ПІКІР ЖАЗУ