Елордада жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған үш күндік оқыту семинары өтті

0

Нұр-Сұлтанда, еліміздің барлық өңірлерінен жиналған ЖРО қызметкерлері жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған үш күндік семинарға қатысты.Аталған іс-шара шеңберінде ЖРО қызметкерлері жастармен жұмыс істеудегі жаһандық трендтер мен жаңа тәсілдерді зерделеді, өзекті әлеуметтік сұраныстарға уақытылы жауап беруді, өз қызметін ұйымдастыруды жоспарлауды меңгерді.
Жаттықтырушы ретінде Жастар қызметкерлері қоғамдастығы жанындағы жастар жұмысы жөніндегі жаттықтырушылардың ұлттық пулының мүшелері болды. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.

Кілтсөздерсеминар


ПІКІР ЖАЗУ