Түркістандық журналистер ел чемпионы атанды
Қарағанды қаласында төрт жылда бір рет өтетін бұқаралық ақпарат қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиада аяқталды. Спорт додасына еліміздің бірнеше өңірінен сала мамандары қатысты.
Журналистердің Олимпиадасына баланатын бұл республикалық жарыста Түркістан облысы құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Спорттың бес түрін қамтыған сайыста ақпарат құралдары өкілдері қазақ күресі мен шағын футбол, волейбол және үстел теннисі, бильярд спортынан республика бойынша іріктелген құрамалар бақтарын сынады.
Тартысты өткен спартакиадада көш бастаған түркістандықтар қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль бар. Ал, жалпыкомандалық екінші орынға Шымкент қаласының командасы қол жеткізді. Командалық үшінші орынға жергілікті Қарағанды құрамасы жайғасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__
В Караганде завершилась традиционная спартакиада среди работников СМИ, которая проводится раз в четыре года. В соревнованиях приняли участие специалисты из нескольких регионов.
В республиканском соревновании сборная Туркестанской области завоевала главный приз в общекомандном зачете.Участники спартакиады соревновались в пяти видах спорта — қазақ күресі, мини-футболу, волейболу, настольному теннису и бильярду.В копилке туркестанцев — три золотые, три серебряные и одна бронзовая медали.Второе общекомандное место заняла команда города Шымкента, на третьем месте расположились сборная Караганды.
Победители и призеры были награждены кубками и дипломами специального назначения.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области