Шымкентте 25 маусымда Al-Farabi тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындары пәтер кілттеріне ие болды.

0

 Al-Farabi тұрғын үй кешені қаланың жаңа әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығынан орын тепкен. Кешен сондай-ақ мектептерге, балабақшаларға, саябақтарға, скверлерге және сауда орталықтарына жақын жерде орналасқан.

 Жобаның сапасына ерекше көңіл бөлінді. Тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде кореялық Daewoo E&C компаниясымен бірлесіп жасалған Acoustic Pro технологиясы қолданылды. Аталмыш технология пәтерде бөгде дыбыстардың естілуіне жол бермейді. Бұған қоса кешеннің архитектурасында да экологиялық дизайн пайдаланылды. Үйдің қасбеті шығыс стилінде табиғи травертин мен граниттен жасалған, бұл өз кезегінде жарқыраған қалаға одан сайын көрік бере түседі. Ал жақтауы – монолитті темірбетоннан, сыртқы қабырғалары – жылу өткізбейтін газоблоктан.

 Al-Farabi тұрғын үй кешенінің аумағында серуендеуге арналған арбат та бар: жоба  құрастырушылары аллеяның бірегей дизайнын ерекше нақышта дайындап шыққан.

 Сонымен қатар ауладан балалар және спорт алаңдарын, демалуға арналған көгалды жерлерді табуға болады, бұл аймақ тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Ауланың ландшафтық дизайны Шымкенттегі үздік дизайндардың бірі деп айтуға болады. Аулаға 110-нан терек пен 600-ден астам көпжылдық бұталар отырғызылды.

 Одан өзге тұрғындардың ыңғайлығы үшін көлік пен велосипед тұрағы, қоймалар,  бизнесті дамытуға арналған коммерциялық үй-жайлар мен мүгедектер арбаларын қоюға арналған орындар қарастырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, ол үшін кіреберістерге кедергісіз кіру, адамның түрін танитын технологиялар, IP-домофондар, жоғары сапалы материалдардан дайындалған ерекше метал есіктер орнатылған.

 Қажет болған жағдайда, пәтер иелері қосымша опцияларды, атап айтқанда дауыспен басқаруға болатын көмекшіні, есіктерді ашуға, қозғалысты, температураны, судың ағуын бақылауға арналған жабдықтар мен өрт дабылын орната алады.

 “Біз Шымкент үшін жаңа құрылыс стандарттарын белгілей отырып, жоғары сапалы қызметтер мен нысандарды ұсынуға әзірміз. Қазіргі уақытта компания “бәрі жаяу қашықтықта орналасқан» әдісін қолдана отырып, жайлы өмір салтын қалыптастыратын бірегей нысандарды, соның ішінде бигвиллдерді енгізуде. Бұл мектептерге, балабақшаларға, фитнес орталықтарына және медициналық мекемелерге де қатысты. Біздің компаниямыз басқа ұйымдардан құрылыстың жоғары жылдамдығымен және сапасымен, жұмыс барысында бірегей “фишкаларды” қолдануымен ерекшеленеді”, – дейді жоба жетекшісі Абзал Батырбай. Клиенттерге барлығы 128 үй-жай берілді, оның 92-сі пәтер, 32-сі автотұрақ және 4-3 қойма. Тағы 16 пәтер өз иелерін күтуде.

 Тұрғын үй нысанының құрылысы 100%-ға аяқталды. Еске салайық, Al-Farabi тұрғын үй кешені – компанияның Шымкент қаласындағы аяқталған екінші жобасы. Қазіргі кезде Atamura, Arman Qala, Altair, Grand Park, Dendropark, Tumar Apartments, Клуб үйі 39 жобалары жүзеге асырылуда.

 Жаңа тұрғын үй кешенінен баспаналы болу үшін Шымкент қаласы Бәйтереков көшесі 100/3-те орналасқан сату бөліміне жүгінуге болады. Мамандар аптаның барлық күндері сағат 9:00-ден 20.00-ге дейін сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге әзір. Толық ақпаратты 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, компанияның ресми сайтынан және Instagram желісіндегі @bi.group.shymkent парақшасынан алуға болады.

Кілтсөздерпәтер


ПІКІР ЖАЗУ