Құрметті журналистер қауымына хабарлама

0

 «Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Демократиялы қоғам орнатуда, мемлекетті дамытуда журналистиканың маңызы зор. Кезінде Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ой түйіндеп, журналистика саласының маңызы тереңде екенін айтқан.
Қазір ақпараттық технология дамып, газет, телеарна радиодан бөлек интернет сайттары мен порталдардың жұмысы күшейді, жаңалықты жедел ұсынудың жолдары көбейді. Әлеуметтік желілердің өзі ақпарат таратуда маңызға ие болып отыр. Журналистика саласына артылар жүк ауырлап, «төртінші билік» өкілдерінен біліктілік пен шапшаңдық, шынайы отаншылдық талап етілуде.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында «Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті» деген болатын. Бұл ретте Түркістан облысының БАҚ өкілдері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ел мүддесі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Түркістан облысында 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Өңірдегі газеттер мен телеарналар, журналдар мен ақпараттық порталдар және радиоарнадағы журналистер қауымы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру, Түркістан облысын дамыту, Түркістанды – Түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытында қарқынды жұмыс істеп жүр. Ашылғанына көп бола қоймаған «Turkistan» телеарнасы да өз көрерменін тауып, республикалық деңгейде мойындала бастады. Күні кеше өңір журналистері Қарағанды төрінде өткен спартакиадада бірнеше спорт түрінен бақ сынап, командалық бірінші орынды еншіледі. Бұл – БАҚ өкілдерінің бірлігі мен рухтарының мықтылығының белгісі.
Біздің отаншыл журналистеріміз өңірдің ақпараттық-идеологиялық саясатын жүргізуге, экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес қосып жүргені ақиқат. Осы еңбектеріңіз бен мамандыққа және ел аманатына деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін»- деп хабарлады Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

———-

 «От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником! Журналистика имеет большое значение в построении демократического общества и развитии государства. В свое время Ахмет Байтурсынова сказал, что «Газета – это глаза, уши и язык народа», подчеркнув важность журналистики.
Сейчас развиваются информационные технологии, активизируется работа интернет-сайтов и порталов, помимо газет, телеканалов и радио, увеличиваются возможности оперативного представления новостей. Социальные сети приобретают все большее значение в распространении информации.Быть журналистом нелегко: от представителей четвертой власти требуются компетентность и оперативность, подлинный патриотизм.
Президент страны Касым-Жомарт Токаев в своем мартовском Послании отметил: «Без независимых и ответственных средств массовой информации дальнейшая демократизация общества невозможна. Средства массовой информации, являясь эффективным каналом связи между властью и населением, могут и обязаны поднимать накопившиеся проблемы в стране».
Представители СМИ Туркестанской области блестяще и с честью справляются с возложенной на них задачей и упорно трудятся в интересах страны. В регионе зарегистрировано 85 средств массовой информации. Газеты, телеканалы, журналы, информационные порталы – вся журналистская общественность региона активно работает над формированием нового Казахстана, развитием области, превращением Туркестана в центр тюркского мира. Телеканал «Turkistan» нашел своего зрителя и получил признание на республиканском уровне. Вчера журналисты региона участвовали в республиканской спартакиаде в Караганде и заняли командное первое место. Это символ единства и силы духа журналистов.Наши журналисты вносят вклад в реализацию информационно-идеологической политики, развитие экономики, социального сектора региона. Благодарю вас за ваш труд и преданность профессии и народу»- заявил аким области Туркестан Умирзак Шокеев

 

Кілтсөздерхабарландыру


ПІКІР ЖАЗУ