Бәйдібекте демеушілер есебінен кіші футбол алаңшасы ашылды

0

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ағыбет елді мекенінде 1993 жылы туған ауыл жастарының демеушілігімен салынған кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді.

Футбол алаңшасының ашылуына аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, отаншыл азаматтардың бастамасына ризашылығын білдірді.
Шарада округтің төбе биі Әлмырза Еркебаев, Ағыбет ауылының биі Сейдалы Әмірбеков аудандық мәслихаттың депутаты Әбдірахман Төрехан, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.Жаңа алаңда ауыл жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кілтсөздерспорт алаңы


ПІКІР ЖАЗУ