Састөбе жолы жөндеуден өтті

0

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Prime Lux құрылыс» ЖШС тарапынан Түлкібас ауданындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, облыстық маңызы бар 2,5 шақырымдық КХ-183 Састөбе елді мекеніне кіре беріс жол автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді.
Жөндеу жұмыстары барысында 2,5 шақырым жолдың асфальт жабындысы толығымен жаңартылған. Сондай-ақ, 2 жерге жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылған. Одан бөлек, «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан түнгі уақытта жолды бөліп тұрушы катафоттар орнатылды. Бұл өз кезегінде көлік жүргізушілердің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шығып кетпеуіне септігін тигізеді.Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауда болды.

Дереккөз: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі



ПІКІР ЖАЗУ