«80 сиыр мен 29 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі». Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан өткен контрабанда туралы хабарлады

0

 Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз жолмен дәрі-дәрмек алып өтпек болған жүк көлігі ұсталған. Бұл ақпаратты Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметіне сүйеніп, Азаттықтың Қырғыз редакциясы жариялады. Қырғыз шекара қызметі бұған дейін Қазақстан шекарасынан 80 сиырды заңсыз айдап өткендерді ұстағанын хабарлаған. «Қырғызстан мемлекетттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникация басқармасы 25 шілдеде «Ақ жол» бақылау-өткізу пунктінде Қырғызстан азаматы мінген Mercedes -Benz жүк көлігі ұсталғанын хабарлады. Көліктен Кореяда жасалған Ginseng Kianpi pil, Samyun Wan, Montalin, Fatzorb, Black Panther жәнеBlack ant Kinc препараттарының 11 мың 196 қорабы табылған» деп жазады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

 Қырғыз шекара қызметі «жүк көлігінің жүргізушісі дәрі-дәрмекті құжатсыз алып өтпек болған» деп мәлімдеп, заңсыз дәрі-дәрмектің құны 5 миллион сом деп бағалаған. Қырғыз сомының теңгеге шаққандағы бағамы бойынша бұл — 29 миллион 750 теңгеге тең. Қырғызстанға баратын жүк көліктері Қырғызстанның бақылау-өткізу пунктіне дейін Қазақстан жағынан тексеріледі.

 Бұған дейін қырғыз шекара қызметі Қырғызстанның Талас облысы Талас ауданының Тегерек-Саз деген жерінде Қазақстаннан Қырғызстанға 80 сиырды заңсыз айдап бара жатқандар ұсталғанын хабарлаған. Қазақстан Ұлтық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен бұл жөнінде ақпарат алу мүмкін болмады.



ПІКІР ЖАЗУ