Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мамандарды жұмысқа шақырады

0

Құрметті педагогикалық қызметкерлер, ЖОО бітіруші курстарының студенттері, магистранттары және докторанттары!

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі талантты, жас педагог мамандарды іздейді. Cіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз! Сіздерді педагогикалық қызметкерлердің: мұғалімдер, психологтар, кураторлар, тәрбиешілер және қосымша білім беру педагогтері конкурстық іріктеуіне қатысуға шақырамыз!

Зияткерлік мектепте қызмет атқара отырып, Сіз: Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS)аккредиттеген мектептерде ұлттық компоненті бар білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде оқытуға ; өндірістен қол үзбей Назарбаев университетінің магистратура бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыруға және оқуға; тәжірибелі мұғалім ретінде, оқушылар мен мұғалімдерге арналған бағдарламалар мен оқулықтар мен бағалау құралдарын әзірлеу жөніндегі маман ретінде, мұғалімдерді оқыту жөніндегі жаттықтырушы, мектеп басқарушысы ретінде мансаптық өсуге мүмкіндіктер аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер:

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ресми сайтына өтіңіз (www.nis.edu.kz);

Сайттың бастапқы бетіндегі «Бос орындар» бөліміне өтіңіз;

«Зияткерлік мектептер» бөлімін таңдаңыз;

«Педагогикалық қызметкерлер» бөлімін таңдаңыз;

Конкурс өтетін орынды/мектепті таңдаңыз;

«Конкурсқа қатысу»-ды басуы және қажет етілген ақпаратты енгізңіз;

электрондық түйіндемені тіркеңіз «+файл»;

«Түйіндемені жіберу»-ді басу қажет.

Конкурстық іріктеу 20 тамыз күні сағат 9:00-де өтеді.

Өтетін орны: Түркістан қ, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.



ПІКІР ЖАЗУ