ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАП ЖАТЫР
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі жағдайында ортопедия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Сұлтан Мұсаев, м.ғ.к. Марат Құдайбергеновтың қатысуымен мастер-класс өткізілді. МӘМС шеңберінде «Бұрыштық тұрақтылықпен заманауи металл конструкциясын қолдана отырып, сәуле сүйегінің дистальды эпиметафизін ашық репозициялау» отасы жүргізілді.
Бұл ота сәулелі сүйектің күрделі сынуы кезінде жасалады, бұрын мұндай сынықтар консервативті емделетін. Осы арқылы қолдың белсенділігінің төмендеуі немесе күрт шектелуіне әкеліп, пациенттердің мүгедектігінің жоғарылауын артыратын. Жоғарыда аталған ота әдісін қолданған кезде оңалту кезеңі азаяды, сүйектердің синтезі жеделдейді, науқастардың мүгедектік ықтималдығын азайтады және пациенттің әдеттегі өміріне тез оралуына мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі