Түркістан облысында биыл 88 мың адам жұмыспен қамтылды

0
7

Түркістан облысында биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде «Еңбек» бағыты бойынша 70 250 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделген. Ұлттық жобалар аясында жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 7 086 жұмысшы орналасады. Жеке бастамалар арқылы 10 мыңнан қызмет ұсынылады. Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Үшінші тоқсанның көрсеткіші бойынша үш бағыттағы жұмыспен қамту шаралары аясында 47 мыңнан астам адам жұмысқа орналасып, жаспардың 65 пайызы орындалып отыр.


ПІКІР ЖАЗУ