Облыста ақ алтынның бағасы артып отыр
Түркістан облысында мақта дақылы 126,3 мың гектарға егілген. Жалпы жыл басынан бері 345 мың тонна шитті мақта жиналып, көрсеткіш еселеніп келеді. Ақ алттынның бағасы биыл (1кг) 400 теңге дейін артпақ. Ал, ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 313 мың гектарға егілсе, көкөніс, бақша, картоп 119,4 мың гектарға егілген. Бүгінгі күнге 254 мың гектарға егілген астықты ору науқаны аяқталды. Гектар түсімділігі 19 центнерді құрап, өткен жылдан 8,7 центнерге артып, 471,3 мың тонна өнім жиналды. Көкөніс пен бақша бойынша 2,8 млн. тонна өнім жиналса, 112,6 мың тонна жеміс-жидек жиналған. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша биыл 8,4 мың гектарда 3000 жоба іске асырылды, бірінші, екінші өнімнен 230 мың тонна көкөніс өнімі жиналып, жұмыстар жалғасуда. 85,5 гектарға жаңа жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1552 гектарды құрады. Өңірде жылыжайлар есебінен 118 мың тонна өнім өндірілген.