ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында екі фельдшерлік-акушерлік пунктың құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның біреуі Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылында бой көтеріп жатса, екіншісі Төрткөл ауылдық округіндегі Қызылжар елді мекенінде салынуда.
Аталған екі әлеуметтік нысанның құрылысы осы жылдың маусым айында басталған. Құны 100 млн. теңгеден астам, қабырғалары күйдірілген қыштан салынып жатқан фелдшерлік акушерлік пунктер жылдың аяғында, яғни қазан айында ел игіліне беріледі деп жоспарлануда.
Жалпы, Ордабасы ауданында 52 емдеу мекемесі бар болатын болса, соның 22-сі фельдшерлік-акушерлік пункт. Келесі жылы осындай медициналық нысандар Дербес, Ықыластемір және Төреарық елді мекендерінде салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда олардың мемлекеттік сатып алу конкурсының тиісті процедуралары жүруде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
ТУРКЕСТАН: В ОРДАБАСЕ ВЕДЕТСЯ СТРОИТЕЛЬСТВО ДВУХ МЕДИЦИНСКИХ ОБЪЕКТОВ
В Ордабасинском районе Туркестанской области в рамках проекта «Ауыл — ел бесігі» ведется строительство двух фельдшерско-акушерских пунктов. Один из них строится в селе Колтоган Караспанского сельского округа, другой — в селе Кызылжар Торткольского сельского округа.
Строительство двух социальных объектов началось в июне этого года. Планируется, что фельдшерские акушерские пункты стоимостью 100 млн тенге, будут сданы в октябре.
В целом, в Ордабасинском районе 52 лечебных учреждения, из них 22 фельдшерско-акушерских пункта. Планируется, что в следующем году подобные медицинские объекты будут построены самостоятельно, в населенных пунктах Ыкыластемир и Тореарык. В настоящее время проводятся соответствующие процедуры их конкурса государственных закупок.
Пресс-служба акима Туркестанской области
__
TURKESTAN: TWO MEDICAL FACILITIES ARE UNDER CONSTRUCTION IN ORDABASY
In Ordabasy district of Turkestan region, within the framework of the Auyl — el Besigi project, two paramedic and obstetric stations are being built. One of them is being built in the village of Koltogan in the Karaspan rural district, the other in the village of Kyzylzhar in the Tortkol rural district.
The construction of two social facilities began in June this year. It is planned that paramedic obstetric stations worth 100 million tenge will be commissioned in October.
In general, there are 52 medical institutions in Ordabasy district, including 22 paramedic and obstetric stations. It is planned that next year similar medical facilities will be built independently, in the settlements of Ykylastemir and Torearyk. The relevant procedures of their public procurement tender are currently being carried out.
Press service of the akim of Turkestan region