«AMANAT»: ФРАКЦИЯДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

0
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясының кезекті мәжілісінде елді мекендердің өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ауылды жерлерге мәдениет үйлерін және кітапханалар салу сондай-ақ күрделі жөндеуден өткізу, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, облыс бойынша жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының барысы оның ішінде жайылым жер тапшылығы, ұялы байланыс және интернет желісінің сапасы, оны зерделеу жұмыстарының қорытындысы жөнінде жалпы 4 мәселе талқыланды.
Жиынды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, фракция мүшелері, жауапты басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев Түркістан облысының аудандарында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 14 мәдениет үйі мен кітапхана құрылысының басталғанын айта келе:
— Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша халықтың әлемдік және отандық мәдениет туындыларына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде ірілі-ұсақты 22 мыңға жуық іс-шара өтті. Биыл мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына – 2022» өнер фестивалі өтіп, Түркістан облысы 2022 жылғы «Рухани өлке» статусына ие болды. Сондай-ақ облыс аумағындағы кітапханалардың қоры 35 677 жаңа кітаппен толығып, жалпы қор 6 млн. 31 мың данадан асты,-деді.
Сонымен қатар, биыл мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай облыстық ғылыми-әмбебап «Фараб» кітапханасында «Ақиық азамат!» атты апталық өтіп жатқанын хабарлады. Аталмыш шара 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара шеңберінде ұлт жанашырының әдебиеттері мен баспасөз беттеріндегі мақалаларына шолу жасалып, кеңінен насихатталмақ.
Мәжіліс барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілегеннің баяндамасы тыңдалып, фракция мүшелері елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Өткен 2021 жылы жерлерді қайтарудағы негізгі басымдық жайылым өте тапшы 133 елді мекенге берілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 135 мың гектар жайылым жер ауыл әкімшіліктерінің теңгеріліміне бекітілген. Фракция жетекшісінің айтуынша жайылым жерлерді кеңейту және оларды қайтару мақсатында облыстық партия филиалы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясы және жауапты орындармен бірлесіп өңірде ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Екі бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде әзірге 521,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Ал, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Өтебаев өз баяндамасында биыл аймақтағы 152 елді мекендегі мобильді интернет сапасын арттыру мақсатында базалық станция іске қосу жоспарымен бөлісті. Қазірдің өзінде 51 елді мекенге жаңа базалық станция іске қосылған. Қалған 101 ауылдағы интернет сапасын арттыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Дегенмен, фракция мүшелері облыс аумағындағы, әсіресе қала сыртындағы интернет сапасы сын көтермейтінін білдіріп, осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек те атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жиын қатысушыларының сұрақтарына жауап берді. Фракция мәжілісінде қаралған мәселелер, көтерілген сауалдар бойынша қаулы қабылданып, сессияның қарауына ұсынылды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
___
AMANAT: ВО ФРАКЦИИ РАССМОТРЕЛИ ВОПРОСЫ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ
Сегодня на очередном заседании фракции партии AMANAT в Туркестанском областном маслихате были рассмотрены актуальные вопросы населенных пунктов. В частности, обсуждены вопросы строительства в сельской местности Домов культуры и библиотек, их капитального ремонта, внесения изменений и дополнений в бюджет, инвентаризации земель, дефицита пастбищных земель, качества сотовой связи и Интернета.
Заседание вел исполнительный секретарь Туркестанского областного филиала партии AMANAT, руководитель фракции Бейсен Тажибаев. В заседании приняли участие заместитель акима области Арман Сабитов, секретарь областного маслихата Кайрат Балабиев, члены фракции, руководители ответственных управлений и представители СМИ.
Сначала руководитель областного управления культуры А. Койлыбаев отметил, что в районах Туркестанской области в рамках проекта «Ауыл – ел бесігі» начато строительство 14 Домов культуры и библиотек.
— По итогам 8 месяцев, в целях обеспечения доступа населения к произведениям мировой и отечественной культуры, в области проведено порядка 22 тысяч крупных мероприятий. В мае Министерством культуры и спорта и акиматом Туркестанской области был проведен фестиваль искусств «Рухани қазына-2022», наш регион получил статус «Рухани өлке». Также фонды библиотек на территории области пополнились 35 677 новыми книгами, общий фонд составил более 6 млн экземпляров.
Кроме того, на заседании сообщили, что в этом году, в рамках празднования 100-летия со дня рождения государственного и общественного деятеля Асанбая Аскарова, в областной научно-универсальной библиотеке «Фараб» проходит акция «Ақиық азамат!». Она продлится до 16 сентября. В рамках мероприятия будет проведен обзор литературы и статей на страницах прессы.
В ходе заседания был заслушан доклад руководителя областного управления земельных отношений Е. Тлегена, члены фракции ознакомились с ходом работ по обеспечению населенных пунктов общими пастбищами. В прошлом году основной приоритет в возврате земель был отдан 133 населенным пунктам с дефицитом пастбищ. В результате проведенной работы 135 тыс. га пастбищ закреплены за сельскими администрациями.
По словам руководителя фракции, в целях расширения пастбищных угодий и их возврата, совместно с комиссией «Жер аманаты» при областном филиале партии и ответственными лицами, планируется довести общую площадь пастбищ в регионе до 1012,0 тыс. га. В результате проведенной работы по обоим направлениям в государственную собственность возвращено 521,3 тыс. га земель.
В своем докладе руководитель областного управления цифровизации, оказания государственных услуг и архивов Е. Утебаев поделился планами по запуску базовых станций в 152 населенных пунктах в целях повышения качества мобильного Интернета. Уже запущены станции в 51 населенном пункте. В остальном 101 поселке работа будет завершена до конца года.
Тем не менее члены фракции заявили, что качество Сети на территории области, особенно за пределами городов, не вызывает критики, и предложили усилить работу в этом направлении.
Руководитель управления стратегии и экономического развития К. Каипбек доложил о проводимой работе и ответил на вопросы участников совещания.
По рассмотренным на заседании фракции вопросам принято постановление, документ вынесен на рассмотрение сессии.
Пресс-служба Туркестанского областного филиала партии AMANAT

ПІКІР ЖАЗУ