Koç Holding түрік компаниясы Түркістанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті

0
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай Түркиялық Koç Holding компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Түркиядағы ең ірі қаржы — өнеркәсіптік компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ облыста томат пастасы өндірісі жобасын жүзеге асыру жоспарымен танысты. Озгур Аккол мырзаның айтуынша, түркиялық холдинг ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Түркістанда жұмыс істейтін инвесторларға әкімдік тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.
Айта кетейік, Koç Holding Түркияның ең ірі қаржылық және өнеркәсіптік конгломераты. Fortune Global 500 тізіміне енген Түркиядағы жалғыз компания. Koç Holding құрамына 113 компания, 90 000 қызметкер және 14000 дилер мен агенттіктер кіреді. Koç Holding түрік экономикасының қозғаушы күші болып табылады.
___
Турецкая компания Koç Holding намерена реализовать ряд проектов в Туркестане
Первый заместитель акима области Арман Жетписбай провел встречу с представителями турецкой компании Koç Holding. Он ознакомился с текущей работой Koç Holding, а также с планом реализации проекта по производству томатной пасты в области. По словам г-на Озгура Аккола, турецкий холдинг намерен реализовать ряд проектов в сфере сельского хозяйства.
Первый заместитель акима области отметил важность сотрудничества с Турцией для нашей страны и отметил, что акиматом будет оказана постоянная поддержка инвесторам, работающим в Туркестане.
Отметим, что Koç Holding является крупнейшим финансовым и промышленным конгломератом Турции. Единственная компания в Турции, которая входит в список Fortune Global 500. Koç Holding включает 113 компаний, 90 000 сотрудников и 14 000 дилеров и агентств. Koç Holding является движущей силой турецкой экономики

ПІКІР ЖАЗУ