Созақ аудан Мұхит Тұрысбеков әкімі Таукент кентін аралады

0

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукентке барып, кент ішін аралады. Жуырда біткен жаяу жүргіншілер жолын көрді. Жаяу жүргіншілер жолы аурухана мен кент арасын байланыстырады. Сондай-ақ аяқ жол, кент ішіндегі 3 көшеге де  салынған. Құрылысын жүргізген «Ротто пласт» ЖШС. Алдағы уақытта жарықтандыру жұмысы жүргізіледі. Аяқ жол мен жарықтандыру «Катко» БК ЖШС демеушілігімен салынып отыр.

 Сондай-ақ биыл «Казатомпром-Sauran» ЖШС демешулігімен Таукент кентінде 4 балалар ойын алаңы мен аллея жөнделіп, жанынан street workout спорттық алаңы пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда тұрғын үй алдындағы балалар ойын алаңының құрылыс жұмысы басталды.

-Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін салынып жатқан нысандар, халық игілігі үшін. Енді осы нысанды күтіп ұстау кент округі әкімдігінің міндеті,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы. Кент округ әкімі Марат Оспановқа тазалық жұмысын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ аудан әкімі І. Кеңесбаев атындағы білім ордасы мен Таукент кентін жылумен қамтамасыз ететін бекетке ат басын бұрды. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Жылу бекетінде болып, қысқы маусымға дайындықты қазірден бастау керектігін ескертті.


ПІКІР ЖАЗУ