Бүгін аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы жеке қабылдау өткізді

0

Аудан басшысының жеке қабылдауына аудан жеті тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келгендер ауыл шаруашылық мақсаттағы жер мәселесін көтерсе, бірқатар азаматтар жұмыссыздық мәселесін алға тартты. Сондай-ақ тұрғындар жер, денсаулығына байланысты мәселесімен жүгінді.

 Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді


ПІКІР ЖАЗУ