Аудан Әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті

0

Лездемелік жиынның күн тәртібінде аудан аумағындағы эпидемиалогиялық жағдай, көрнекі-үгіт насихат құралдары мен мемлекеттік рәміздердің бүгінгі жағдайы, елді мекендердегі санитарлық тазалық пен тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, жауапты мекеме мен дербес бөлім басшыларының баяндамасы тыңдалды.

2022 жылдың басынан бері ауданымызда ковид-19 инфекциясы 150 азаматтан анықталған. Оның ішінде 136-сы індеттен толық жазылып шыққан. 11-і дәрігерлердің бақылауында болса, 2 адам Төлеби ауданындағы арнайы орталықта, ал 1 бала облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Бұл жайында аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Тоғайбекова мәлімдеді.

Сонымен қатар лездемелік жиында жол бойындағы көрнекі-үгіт насихат құралдары және мемлекеттік рәміздер бойынша жүргізілген арнайы мониторинг жұмыстарының барысында анықталған кемшіліктерге аудан әкімі Нұрлан Байғұт жеке-жеке тоқталып, ретке келтіру үшін ауыл әкімдеріне 1 апта уақыт белгіледі.

Республикалық, облыстық маңызы бар жолдар бойындағы белгілер мен ауыл атаулары көрсетілген жазуларды реттеу мақсатында облыстық тиісті басқармаға хат жолдауды жауапты орынбасарына тапсырды.

Облыс және аудан әкімдігі тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындау қажеттігін ескертті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ