Мейірім етсең- мейірімділік көресің

0

 Облыс орталығында қайырымдылықты ту еткен — «Мейірімді жүрек» акциясы жалғасуда.Жалғызілікті қарттар мен ерекше қажеттілігі бар балалар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға шара аясында азық-түліктер мен күнделікті қажетті заттар үлестірілуде.

Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қызметкерлері аталған санаттағы тұрғындардың үйін аралап, қажеттіліктеріне орай көмек көрсетті. Бөлім басшысы Элмира Бейсенова өз сөзінде, «Мейірімділік – көңілге нұр құяр жарық сәуле, үміт шамшырағы. Бүгінгі акциямыз осындай азаматтардың жақсылыққа деген сенімін арттыру үшін ұйымдастырылды» деді.



ПІКІР ЖАЗУ