Азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді

0

Бүгін «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы жанынан құрылған азық-түлiк тауарларының бағаларына сараптама жүргiзу жөнiндегi жұмысшы топ құрамы азық-түлiк бағаларында қандай өзгерiстер барын анықтау мақсатында қаламыздағы әлеуметтiк дүкендерге мониторинг жүргiздi.

Мониторинг жүргiзген топ құрамында «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы Сәбит Лаханов, аудандық мәслихат депутаттары – Эльмира Қалмырза, Ғалымжан Асылбеков және кәсiпкерлiк бөлiмiнiң бас маманы Қанат Жахан, сонымен қатар БАҚ өкiлдерi болды.

Мониторинг халық күнделiктi тұтынатын, әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiктерге жүргiзiлдi. Алғашқы мониторинг «Әлихан» сауда кешенiнде жүргiзiлiп, ондағы тауар бағалары көңiлге қонымды болып шықты. Кезектi мониторинг «Керуен» сауда орталығы мен Орталық базарда жалғасын тапты.

Тауар бағаларын сараптаған кәсiпкерлiк бөлiмiнiң бас маманы Қ.Жахан: «Қаламызда көптеген әлеуметтiк дүкен тұтынушыларға қызмет жасайды. Сала мамандары азық-түлiк тауарлары бағасының негiзсiз өсуiне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында күнделiктi сараптама жүргiзiп, бағаларын қадағалап отыруы тиiс»- деді. Бағаны бақылау жұмыстары алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілмек.


ПІКІР ЖАЗУ