Жылу қазандығының жылыту маусымына дайындығын тексерді

0

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Ленгір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылу жүйесімен қамтып отырған қазандықтың жұмысымен танысты. Жылу қазандықтары сәуір айынан бастап «Ленгір су» МКМ –нің теңгеріміне өткен. Қазіргі кезде жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары кестеге сәйкес, жүйелі жүргізіліп, үш қазандықтың жай-күйін мамандар тексеруде.

Орталық жылу жүйесіне 1 мөлтек ауданда орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер қосылған. Қазандық арқылы жылу жүйесіне 24 көпқабатты тұрғын үй қосылады. Орталық жылу жүйесінің тұтынатын отын түрі – табиғи газ. 2022-2023 жылғы жылу маусымы 15 қазанда басталады.

Жылу маусымында 3 дана қазандық жұмыс істеуі қажет болса, біреуіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Екі қазандық дизель отынымен де жұмыс жасауға арналған. Жылу қазандығында орталықтандырылған жарық сөнгенде электр энергиясын беретін генератор орнатылған. Қазіргі таңда сыртқы жылу желілерімен көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі құбырлар мен насостар тексеріліп, істен шыққандары ауыстырылуда.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ