Ордабасы ауданының 40 мың басқа арналған мал бордақылау кешені ашылады

0
 Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ауыл шаруашылық саласын дамытуға арналған семинар өтті. Семинарға ауданға қарасты ауыл округ әкімдері, шаруалар, сондай-ақ Сайрам, Сарығаш аудандарындағы ірі мал бордақылау алаңдарының меншік иелері қатысты.
Мал шаруашылығы саласындағы өз тәжірибелерімен бөліскен жеке кәсіпкерлер жиын қатысушыларына мал басын арттыру, бордақылау, нарыққа шығарудың қыр-сырын үйретті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев Шұбар ауыл округі аумағында ірі қара мал бордақылау кешенін құру жобасы жөнінде баяндама жасады.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізінің Бадам-Шұбар автожолының қиылысқан тұсындағы 400 гектар аумаққа жоспарланған бірегей кешенде автотұрақ, әкімшілік кеңсе, асхана, мұздатқыш қойма, құрама жем өндіру цехы, мал азығын сақтау орны, мал базары және 40 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары болмақ. Жоба кешені логистика жүйесінің қолайлылығымен ерекшеленеді. Халықаралық автожол арқылы дайын өнімді 30 шақырым қашықтықтағы үшінші мегаполсике 20-25 минутта жеткізуге болса, тоңазтылған ет өнімдерін көршілес облыстар мен шет елдерге (Өзбекстан, Ресей) экспорттауда қолайлы темір жол желісі де аудан іргесінде тұр. Ірі қара малды азықпен (жем,шөп) қамтамасыз ету үшін арнайы кешен аумағында құрама жем цехы орналастырылып, мал бордақылаушы шаруаларға төмендетілген бағада ұсынатын болады. Мал бордақылау алаңдарындағы ірі қара малдарға арнайы ветеринариялық лабораториядан тексерулерден тұрақты өткізіліп отырады. Дайын болған бұқашықтар мал сою бекетінде сойылып, бастапқы өндеуден өткізіліп, республика аумағымен шет мемлекеттерге экспортталатын болады. Жоба бойынша 40 мың бас мал бордақылау алаңдарына шамамен 1 айналымда 36 мың тонна шөп, 48 мың тонна жем азығы қажет етеді. Бұл қажеттілікті ауданның егістік, шабындық алқаптарынан алынатын жем-шөп қоры қамтамасыз етпек.
Отредактировано · 


Под председательством акима Ордабасинского района Нурбека Бадракова состоялся семинар, посвященный развитию сельского хозяйства. В семинаре приняли участие акимы сельских округов района, крестьяне, а также собственники крупных откормочных площадок в Сайрамском и Сарыгашском районах. Индивидуальные предприниматели, которые поделились своим опытом в сфере животноводства, обучили участников встречи тонкостям увеличения поголовья, откорма, вывода на рынок.

С докладом о проекте создания откормочного комплекса крупного рогатого скота на территории Шубарского сельского округа выступил заместитель акима района Азат Оралбаев. Стоит отметить, что в ближайшее время на территории комплекса, запланированного на 400 гектарах в районе пересечения автодороги «Бадам — Шубар» автодороги «Западный Китай — Западная Европа», появятся автостоянка, административный офис, столовая, морозильный склад, цех по производству комбикормов, кормохранилище, скотный рынок и откормочные площадки на 40 тыс. голов. Проектный комплекс отличается удобством логистической системы. В третий мегаполис на расстоянии 30 километров по международной автодороге готовую продукцию можно будет доставить за 20-25 минут, район также имеет удобную железнодорожную сеть для экспорта замороженной мясной продукции в соседние области и зарубеж (Узбекистан, Россия). Для обеспечения крупного рогатого скота кормами на территории комплекса будет размещен комбикормовый цех, где будут предлагать корм по сниженным ценам.

На откормочных площадках скот будет регулярно проходить проверку в специальной ветеринарной лаборатории. Готовых бычков будут забивать на убойном пункте, подвергать первичной обработке и экспортировать по территории республики в иностранные государства.
По проекту, откормочным площадкам на 40 тыс. голов потребуется около 36 тыс. тонн сена в один оборот и 48 тыс. тонн кормов. Эту потребность обеспечивают запасы фуража с посевных, сенокосных угодий района.



ПІКІР ЖАЗУ