Шардараның жігіттері абыройды аспандатты

0

 Түркия елінің Ыстамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті. East vs West турниріне Түркістан өңірінің спортшылары да қатысты.
Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді. Ал жарыстың ең басты сайысы Қыдырғали Онғарбаев мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Аса тартысты жекпе-жекте жерлесіміз қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты.
Қыдырғали – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Шардараның қыраны бұған дейін әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған.

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

КілтсөздерcпортШардара


ПІКІР ЖАЗУ