Биыл Түркістан облысында «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр

0
  Жобаның орындалу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандарды уақытылы тапсыру керектігін айтқан облыс әкімі жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, тамыздағы дерекке сәйкес 223 жаңа жобаның 191-і бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар түзілген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жалпы 306,7 млн. теңге үнемделген. Мәжілісте мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы аяқтау, қаржыны заң талабына сай мерзімінде игеру мәселелері қозғалды. Құрылыс басқармасы мен Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Бәйдібек, Келес аудандары және Арыс, Кентау қала әкімдіктеріне жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктелді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В этом году в Туркестанской области в рамках проекта «Ауыл – Ел бесігі» в 105 населенных пунктах из бюджетов выделены средства на реализацию 249 проектов, по большей части из них ведется работа. Ход реализации проектов обсудили на еженедельном совещании под председательством акима области Умирзака Шукеева. Он дал соответствующие поручения ответственным за улучшение инфраструктуры региона и своевременную сдачу социальных объектов.
По словам руководителя областного управления стратегии и экономического развития Каната Каипбека, по данным на август, по 191 из 223 проектов определены подрядчики-победители, заключены контракты. Всего по итогам госзакупок было сэкономлено 306,7 млн тенге.

На заседании были затронуты вопросы своевременного завершения конкурсов по государственным закупкам и освоения средств в соответствии с требованиями закона. На управление строительства и акиматы Сарыагашского, Толебийского, Тюлькубасского, Сайрамского, Созакского, Байдибекского, Келесского районов и городов Арыс, Кентау возложены задачи по усилению работы.

Пресс-служба акима Туркестанской области

КілтсөздерЖобаТүркістан


ПІКІР ЖАЗУ