Түлкібас ауданында Абай күніне орай «Абай оқулары» өтті
10 тамыз – біртұтас қазақ баласын бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, «бірің¬ді қазақ, біріңді дос» тұтатын қас¬тер¬лі Ұлы Абай күні! Адамзат шежіресінде кемеңгер, көсем адамдардың мың жылда бір туатындығын ойласақ, Абайдай данагөйдің дүниеге келуі қазақ халқының маңдайына бұйырған қайталанбас бақ!
Осы орайда, Түлкібас ауданының орталық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл толуына орай «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді.
Байқау: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты 3 кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының шешімімен Түлкібас кенті кітапханасының оқырманы Оңкалбай Айдана бас жүлдеге лайық деп танылды;
Тастұмсық ауылдық кітапханасының оқырманы Шамболат Арайлым – 1 орын;
Ақбиік ауылдық кітапханасының оқырманы Сүлеймен Назерке – 2 орын; Састөбе кенті кітапханасының оқырманы – Асылбек Аяулым және Майтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Сағындық Сұлтан – 3 орын иеленді. Барлық байқауға қатысушыларға Алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздар марапатталды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі