Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

0
4

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатындағы кезекті кездесуден кейін аудан әкімі Төлеген Телғараев Бірінші Мамыр ауылдық округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келгендер негізінен ауыз су, жол, жайылымдық жер, ескірген электр бағаналарын ауыстыру мәселелерін көтерді.

Зағамбар елді мекенінің тұрғыны халық ауыз су тапшылығын сезініп отырғанын, ауылдағы жер асты суларының қоры жеткілікті екенін, қосымша ұңғыма қажеттігін айтты. Бұған қоса, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мәдени ошағы іске қосуды сұранды. Бейнеткеш елді мекенінің орталық көшесін жөндеуден өткізіп, әлеуметтік маңызы бар нысандар маңына жол кедергілерін орнатуды, жеке кәсіпкер бұрын балабақша орналасқан жерді аукцион арқылы сатып алып, халық игілігіне пайдаланатын нысан құрылысын жүргізуді көздеп отырғанын жеткізді. Тағайна елді мекенінің тұрғыны жайылымдық жердің жетпейтінін, электр жүйелерін жаңартуды, жолдарды жөндеу керектігін, ауыл тұрғындары өз қаражатына көпір құрылысын жүргізгенін, құрылысы аяқталған нысанның құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады. Бұған қоса, Тағайна жалпы орта мектебінің апатты жағдайда тұрғанын, мектепке жаңа ғимарат салып беруді өтінді. Жаңажол елді мекенінде жолдар жөнделгенімен, бірнеше қысқа жолдар жобаға енбей қалғанын, құжаттары рәсімделмеген үйлерге ауыз су құбыры тартылмау қаупі бар екенін жеткізді.

Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелері, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, оның орындалу кезеңі мен себебін түсіндіріп өтті. Мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды сала басшыларына тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ