Қазығұрт: аудан әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда

0

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қақпақ және Қызылқия ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады.

 Алдымен Арман Айдарұлы Қақпақ ауыл округіне қарасты Сырлысай елді мекеніндегі 200 орындық мектептің құрылысы мен Тассай қашыртқы каналының механикалық тазалау жұмыстарын  аралап көрді. Содан соң Қақпақ ауыл округіндегі Заңғар елді мекенінде тұрғындарымен кездесіп,   ауыл тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді. Мәселен,  қақпақтықтар ауыз су, ішкі көшелерге шағал төсеу, канал тазалау  туралы өтініш-тілектерін жеткізді. Мұнан кейін халықпен көшпелі кездесу Қызылқия ауылдық округінде жалғасын тапты. Ауыл тұрғындары тарапынан  жайылым жер, мектептің құрылысы, ауыз су, жол кедергілерін қою мәселелер көтерілді. Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

 Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ