Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков орталықтандырылған жылу қазандықтарының дайындығын тексерді.
Қазіргі таңда қала аумағындағы 10 қазандық жылыту маусымына дайын. Жылу жүйесінде қысымдау жұмыстары жүргізілген. Нұрбол Әбдісаттарұлы барлық ықтимал жағдайдың алдын алу қажеттігін ескертіп, тірлікті жан-жақты пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар, су құбырларын қайта жаңғырту нысандарын аралап, құрылыс барысын көрді.
Тұрғындар арасында құбырларды ауыстыруға не себеп деген сұрақтар туындауда. Соңғы жылдары су тұтыну мөлшерінің артуынан құбырлы ауыз су қысымының төмендеуі байқалған. Қолданыстағы құбырларды жаңарту құрылысы қолға алынған.
Бүгінгі таңда шаһарда бірнеше су нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Атап айтқанда, Мақта зауыты шағын ауданының су құбыры желілері мен Жаңа құрылыс, І-ІІ шағын аудандардың су құбыры желілерін, сондай-ақ, Яссы және Шауғар шағын аудандарының су құбыры желілері қайта жаңғыртылуда. Және орталық суқоймасына қосымша сыйымдылығы 5000 м3-лі 2 дана су резервуары мен Н.Төреқұлов көшесі аумағындағы тұрғын алабын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысының бүгінде жұмыстары жүйелі жалғасуда.