Ордабасы: Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді
Аудан басшысы Нұрбек Бадырақов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кезекті жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауда көп балалы отбасыға баспана үйлестіру, үй іргелік жерлерді ұлғайту, арыс өзені арнасын бұру, қоғамдық кеңес мүшелер құрамы, мектепте орын алып жатқан заңсыздықтар бойынша мәселелер көтерілді.
Азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдаған аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы айтылған мәселелер тұрақты өз бақылауында болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, мәселелерге қатысты жауапты орынбасарлар мен бөлім басшыларына қабылдауда айтылған мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі