Ордабасы аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Ынталы ауылындағы тұрғындармен кездесті.

0

Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылындағы Қ.Бектаев жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездескен аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы жиналған бұқараның көптен бірі шешімі табылмай келген  мәселелерін тыңдады. Ол: жайылым жер, аяқжол, интернет желісі, жаңа салынған асфальт жұмыстары бойынша айтты. Мұнан соң, аудан орталығы Темірландағы Жастар орталығында тұрғындармен кездесіп,  ұсыныстарын тыңдады.

“Черемушки” мөлтек ауданында газ, канализация, шатыр ауыстыру мәселесімен қатар, ауылды көгалдандыру, жарық, су мәселелерін көтерді. Талап-тілектері бойынша Нұрбек Бақтыбайұлы бұл шаруалардың оң шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ