Ордабасы: Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым жүйелерін жақсартуға арналған бюджет қаржысы уақытылы игерілу тиіс

0

Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.

Жиналыстың күн тәртібінде ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларын дамыту жоспарлары мен міндеттері, ауданда іске асырылып жатқан құрылыс нысандары мен инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары бойынша баяндама жасалды.

Аудан басшысы әкім орынбасарлары, бөлім басшылары тарапынан жасалған баяндаманы мұқият саралап, сала бойынша әзірленген даму жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу керектігін басты назарға алды.

Нұрбек Бақтыбайұлы ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласындағы бірегей жоба –40 мың бастық ірі қара бордақылау кешеніне шаруаларды барынша қызықтыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеп, арнайы құрылған жұмысшы топтың іс-қимыл кестесін жүйелей түсуді айтып өтті. Сондай-ақ, кәсіп бастауға ниетті шаруалар арасында түрлі семинар-кеңес өткізу керектігіне тоқталды.

Республикалық, облыстық бюджет есебінен қолға алынған әлеуметтік нысандар жұмысын уақытылы, сапалы етіп ел игілігіне беру мақсатында әкім орынбасарлары мен бөлім басшыларына жоспарлы міндет жүктеді.

Сонымен қатар аудан басшысы аппараттық жиында ауылдардың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жақсартуға бағытталған бюджет қаржысының игерілуін жеделдетуді, ауылдық округтердегі іссапар барысында көтерілген мәселелерді өз уақытымен орындауды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ