Созақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы түсіндірілді
Бүгін Созақ ауданы әкімі аппараты заң бөлімі мен Қоғамдық кеңестің ұйымдастырумен, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудандық орталық ауруханасына қызметкерлері мен жиын өтті. Жиынға бөлім, мекеме қызметкерлерімен тұрғындар қатысты. Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Тілеубай Жұмабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдамада зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.
Аудан әкімі аппараты заң бөлімі.