Мадина Аман-әлем чемпионатының қола жүлдегері

0

Болгарияның астанасы София қаласында күрес түрлерінен жастар арасында (U20) өтіп жатқан әлем чемпионатында қыздар арасында белдесулер өтіп, 59 кг салмағында сынға түскен түркістандық Мадина Аман қола жүлдеге ие болды.

Ол поляк қызы Александра Витосты 4:1 есебімен ұтып, әйелдер күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде салды.

Сондай-ақ, былтыр да Мадина 2021 жылы 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында 3-орын,

Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорттық ойындарының жеңімпазы, 2021 жылы Турцияда өткен Халықаралық турнирде 3-орын, Жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Түркістан қаласының абыройын асқақтатқан болатын.

Жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы -Ерімбетов Нұржігіт Сәрсенбекұлы.


ПІКІР ЖАЗУ