Кентау қаласы әкімінің өкімімен Кентау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Баубек Асқар Есенбайұлы тағайындалды.

0

Асқар Баубек  1963 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір станциясында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында экономист мамандығы, 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінде заңгер мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолы

08.08.1984 – 29.10.1984 Қызыл-Құм аудандық ауыл шаруашылығы техникасы мекемесінің экономисті, Қызыл-Құм ауданы

31.10.1984 – 04.06.1986 Совет әскерлері қатарындағы борышы, КСРО, Архангельск қаласы

16.02.1987 – 18.04.1988 Қызыл-Құм аудандық ауыл шаруашылығы техникасы мекемесінің бас есепшісі, Қызыл-Құм ауданы

25.04.1988 – 25.08.1988 Қызыл-Құм аудандық тұтыну одағының аға экономисті, Қызыл-Құм ауданы

26.08.1988 – 06.12.1991 Қызыл-Құм аудандық агроөнеркәсіп техникалық мекемесінің есепшісі, Қызыл-Құм ауданы

06.12.1991 – 13.06.1993 «Отырар» сауда-өндірістік брокерлік фирмасының бас есепшісі, Отырар ауданы

03.01.1994 – 20.05.1998 Отырар ауданы бойынша салық инспекциясының аға салық инспекторы, Отырар ауданы

11.05.1998 – 03.08.2000 Отырар аудандық халықты әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, Отырар ауданы

19.12.2000 – 17.03.2004 «Райымбек-Азық» ЖШС директорының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Алматы облысы, Қарасай ауданы

09.09.2004 – 22.11.2004 Кентау қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бас маманы міндетін атқарушы (міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін), Кентау қаласы

22.11.2004 – 25.03.2006 Кентау қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бас маманы, Кентау қаласы

25.03.2006 – 10.04.2009 Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Кентау қаласы

10.04.2009 – 13.08.2013 Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы, Кентау қаласы

13.08.2013 – 06.01.2014 Кентау қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Кентау қаласы

06.01.2014 – 18.10.2018 Кентау қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, Кентау қаласы

18.10.2018 – 14.07.2020 Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Кентау қаласы

14.07.2020 – 05.08.2022 дейін Кентау қаласы әкімінің кеңесшісі, Кентау қаласы қызметтерінде болған.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ