Кентау: қала әкімі орталық өкілдерімен кездесті
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен, аналар кеңесінің мүшелерімен және қоғамдық келісім мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында ұлтаралық татулық, аналарға жағдай жасау және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында орталықтардың маңызы сынды мәселелер талқыланды. Одан бөлек кеңес мүшелері қаладағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, тұрғындардың уәжін жеткізді.
Қала әкімі сөз соңында қаланың даму жолында бірге жұмыс істеуге және алдағы уақытта өзекті мәселелерді бірге шешу жолында еңбек етуге шақырды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі