Кентау: Қала әкімі қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті

0

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында депутаттар тараптан айтылған мәселелерді тыңдады.

Атап айтқанда, көптен бері көтеріліп жүрген Шұғыла мөлтек ауданының ауыз суы, қала ішіндегі мал базарды сырт жаққа көшіру жағы, қысқы маусымға жылу орталығының дайындық барысы және қала тұрғындарын газға қосу  мәселелері айтылды.

Қала басшысы аталған мәселелер күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. “Атап айтқанда, Шұғыла м/а бойынша ауыз су мәселесінің қайта жұмыстарын реттеу бойынша тиісті органдарға тиісті шаралар жолданған. Бұл бойынша қажетті жұмыстар атқарылады. Жылу орталығы үкіметтің кешегі отырысында талқыланған болатын, бүгінде Алматы қаласынан мамандар келіп тексеру жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың шешімін алған соң әрі қарай өзіміздің бақылауымызға аламыз.” деді Жандос Қалмұрзаұлы. Қәзіргі таңда, газ мәселесінің бірінші кезеңдегі жұмыстары аяқталып, екінші және үшінші кезеңдер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, депутаттар тарапынан қаланың өзекті мәселесіне айналған қоқыс жағы көтерілді. Бұл жайында қала әкімі тазалық мекемелерімен кездесіп, қазіргі таңда сол жұмыстарды шешу бойынша мәмілеге келіп жатқандығын жеткізді.

Қала басшысы қаланың мәселелерін шешу барысында депутаттар тарапынан қолдау күтетінін, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратына сенім білдірді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ