Арыстың қос аруы абу-дабиде жүлделі орын иеленді

0

Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. 17-20 тамыз аралығында жалғасқан бәсекеде  ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері, Арыс қаласының сайыпқырандары ел намысын абыроймен қорғап шықты. Атап айтқанда, арыстық қос бірдей батыр қыз — Аяжан Ергентай мен Аяулым Әубәкір жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бапкерлері —  Мұхтар Мамедов, Асхат Борықбаев, Бағдат Жүсіпов 16-17 жас аралығында 52 келі салмақта сынға түскен Аяжан Ерзатқызы күміс медаль алды. Ал 14-15 жас аралығында Аяулым Дәуленқызы 44 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ