Созақ аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылында

0

Бүгін аудан әкімі  Мұхит Тұрысбеков, Шолаққорған ауылындағы бірқатар нысандарды аралады. Жібек Жолы көшесінде аудан әкімдігі мен Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы, Созақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан мектеп формасының жәрмеңкесіне барды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Тең қоғам» орталығы мен жаңадан салынып жатқан аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің ғимаратында болды. Тәуелсіздік саябағына барып, ауыл округ әкіміне көркейту-көгалдандыру жұмысы бойынша тапсырма берді. Кәсіпкерлік ғимаратының алдында бақша дақылдарын егіп, аудан халқына арзан бағада сатып жатқан «Жанболат» шаруа қожалығының өнімдерімен танысты.


ПІКІР ЖАЗУ