Кентау: қала әкімі Жандос Тасов мешіт өкілдерімен кездесті

0

Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы мешіт өкілдерімен кездесті.  Қаланың бас имамы Ғ.Айекеев осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Оның ішінде: ақпараттық насихат тобының жүйелі жұмыс жүргізілуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлар жайында сөз қозғады.

Қазіргі таңда Кентау қаласында ҚМДБ-на қарасты жалпы саны 12 мешіт, 6 намазхана тіркелген. Сондай-ақ, қала бойынша 12 имам қызмет атқаруда. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық, әлеуметтік саласы бойынша мәселер айтылды.Сондай-ақ мазараттардың қоршауын жөндеп беру және жерін кеңейту бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Қала әкімі өз кезегінде мешіт қызметкерлерінің ұсынған талап-тілектердің орынды екенін айта келе толықтай назарда болатынын мәлімдеді

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ